Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
07.2.2022 |
432-435 |
ГК «ФИНАМ»
07.2.2022 |
432-438 |
Forex Club
07.2.2022 |
429-431 |
SoftLink
07.2.2022 |
429-436 |
Swissquote Bank
07.2.2022 |
431-436 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
07.2.2022 |
5,650-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
07.2.2022 |
5,60-5,80 |
Forex Club
07.2.2022 |
5,2-5,5 |
SoftLink
07.2.2022 |
5,52-5,75 |
Swissquote Bank
07.2.2022 |
5,4-5,6 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
07.2.2022 |
480-500 |
ГК «ФИНАМ»
07.2.2022 |
487-495 |
Forex Club
07.2.2022 |
494-496 |
SoftLink
07.2.2022 |
483-500 |
Swissquote Bank
07.2.2022 |
494-499 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
07.2.2022 |
68-69 |
ГК «ФИНАМ»
07.2.2022 |
68,10-68,50 |
Forex Club
07.2.2022 |
67,9-68,2 |
SoftLink
07.2.2022 |
67,8-68,4 |
Swissquote Bank
07.2.2022 |
67-68 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (7-11ақпан).
31 қаңтар – 4 ақпанға арналған валюта болжамы
Теңгеге бұл аптада да жаһандық факторлар әсер етті. Өз болжамдарында inbusiness.kz сарапшылары ФРЖ-ның мөлшерлемені көтеруін және АҚШ долларының динамикасын атап өтті. Сондай-ақ олар мұнай нарығындағы жағдайға да тоқталды. Ішкі триггерлер туралы айтатын болсақ, сарапшылар Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені көтеруіне қарамастан, Қазақстанда инфляцияның тұрақты түрде өсуіне назар аударды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Осы аптада қазақстандық теңге бағамы үшін мұнайдың бағасы мен инвесторлардың тәуекелге деген ұстанымы маңызды катализатор болып қала береді. Қазір теңгеге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ: қара алтын қарқынды түрде қымбаттауда. Бұл –теңге бағамы үшін жағымды фактор. Екінші жағынан, қазір әлемде тәуекелге деген ұстаным біркелкі. Бұл теңгенің нығаюын шектеуі мүмкін. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 432-435 теңге, бір еуро 480-500 теңге, бір рубль 5,650-5,85 теңге, бір юань 68-69 теңге болады.
Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
4 ақпанда аяқталған аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы өзгермеді, еуро мен рубльге қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреп, юаньға қатысты бағамы аздап нығайды. Бұл аптада валюта нарығы айтарлықтай құбылмалы болды. 2014 жылдан бері алғаш рет мұнай баррелінің бағасы 90 доллардан асты, бұл фактор мұнай экспорттаушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге оң ықпалын тигізді. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға келетін болсақ, Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 1%-ға, ақылы қызметтердікі 0,6%-ға, азық-түлік емес тауарлардыкі 0,3%-ға өсті.Бұл пайыздық мөлшерлеменің көтерілуіне қарамастан, елдегі инфляцияның көтеріліп жатқанын көрсетеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 432-438 теңге, бір еуро 487-495 теңге, бір рубль 5,60-5,80 теңге, бір юань 68,10-68,50 теңге болады.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы бірыңғай динамиканы көрсеткен жоқ. Долларға қатысты оң динамиканың орнауына мұнайдың әлемдік бағасының жұма күні 2%-ға, Brent мұнайының құны 2014 жылғы қазан айынан бері алғаш рет 93 доллардан асуы себеп болды. Ал шикізаттың қымбаттауына АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы түрткі болып отыр. Келесі аптада бір доллар 429-431 теңге, бір еуро 494-496 теңге, бір юань 67,9-68,2 теңге, бір рубль 5,2-5,5 теңге болады деп ойлаймын.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, еуро мен рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған сыртқы факторлар ықпал етті. АҚШ доллары өткен аптада барлық әлемдік валюталарға қатысты әлсіреді. Қаңтар айындағы америкалық инфляция туралы мәлімет 10 ақпанда шығады. Ол рекордтық 7,2% деңгейінде болуы мүмкін. Қазір теңгеге мұнай бағасының өсуі оң әсерін тигізіп отыр. Brent бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 90 доллардан көтерілді. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 429-436 теңге, бір еуро 483-500 теңге, бір рубль 5,47-5,65 теңге, бір юань 68,1-68,6 теңге болады.