Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
05.1.2019 |
374-379 |
IFC Markets
05.1.2019 |
373-383 |
ГК «ФИНАМ»
05.1.2019 |
381-385 |
ARUM Capital
05.1.2019 |
373-377 |
Wall Street Invest Partners
05.1.2019 |
380 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
05.1.2019 |
5,4-5,6 |
IFC Markets
05.1.2019 |
5,4-5,58 |
ГК «ФИНАМ»
05.1.2019 |
5,3-5,6 |
ARUM Capital
05.1.2019 |
5,60-5,65 |
Wall Street Invest Partners
05.1.2019 |
5,5-5,60 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
05.1.2019 |
425-435 |
IFC Markets
05.1.2019 |
425-439 |
ГК «ФИНАМ»
05.1.2019 |
435-440 |
ARUM Capital
05.1.2019 |
425-429 |
Wall Street Invest Partners
05.1.2019 |
440 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
05.1.2019 |
|
IFC Markets
05.1.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
05.1.2019 |
|
ARUM Capital
05.1.2019 |
|
Wall Street Invest Partners
05.1.2019 |
Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (7 қаңтар – 11 қаңтар).
31 желтоқсан – 04 қаңтар аралығына арналған валюта болжамы
Жаңа жылдың алғашқы аптасы теңге үшін табысты болды. Оның доллармен арадағы айырбас бағамы нығайып алды. Ал ресей рублінің сауда-саттығы РФ-дағы мерекелерге байланысты тек 9 қаңтарда басталмақ.
Аbctv.kz сұрау салған сарапшылардың пікірінше, теңгенің нығаюына мұнай котировкалары басты себеп болған. «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ компаниясындағылар жағымды статистикалар кезінде қара алтын бағасының өскенін атап өтсе, ал IFC Markets жаңа жылдан бастап мұнай өндіруді шектеу туралы ОПЕК+ шешімінің күшіне енгенін алға тартуда.
Сонымен қатар сарапшылар Ресейге қарсы жаңа санкциялардың жоқтығын («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ), сондай-ақ Вашингтон мен Бейжіңнің сауда мәселелері бойынша алдағы келіссөздерін, Еуропа банкі тарапынан Қазақстанның нақты ІЖӨ-інің өсім болжамын дамытуын және Қазақстанда желтоқсан айында инфляцияның өсуін (IFC Markets) атап өтті.
Сарапшылар пікірінің егжей-тегжейі abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамада айтылады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Күткенімдегідей, мұнай 50 доллар деңгейінен көтеріліп кетті және дәл қазіргі кезде бөшкесі 57 доллардан саудаланып жатыр. Мұнай бағасы жарық көрген жағымдық статистикалық мәліметтердің арқасында өсіп отыр.
Баға одан әрі өсе береді деп ойламаймын. Ол қазіргі деңгейден 57-58 доллар төңірегінде саудаланатын болады.
Әрине, рубль мен теңгеге мұнай бағасының өсуі жағымды әсер етті.
Санкциялар рубльге қазірдің өзінде әсерін тигізді және әзірше жаңа санкциялар болмағандықтан, рубль өсіп бара жатқан қара алтын бағасына әрекет ететін болады.
Келесі аптада және одан кейінгі апталарда да өсім тоқтайды. Сондықтан аздаған өзгерістерге куә болуымыз ықтимал. Ол сірә Ресей валютасын долларға шаққанда 68-70 рубльге дейін кері тартуы мүмкін.
Менің алдағы аптаға болжамым келесідей: Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 54-59, доллар 67-70 рубль, доллар – 374-379 теңге, рубль – 5,4-5,6 теңге, еуро – 425-435 теңге, биткойн – 3100-3800 доллар болмақ.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңге АҚШ доллармен ара қатынаста алдынғы аптада жоғалтқан ұпайларын кері қайтарып алды. Бұл негізінен мұнайдың әлемдік бағаларына жоспарланған түзетулердің арқасында орын алды. ОПЕК-тің және тәуелсіз өндірушілердің өндірісті тәулігіне 1,2 млн баррельге шектеу туралы шешімі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Сонымен қатар, Қытай мен АҚШ 2019 жылдың 7-8 қаңтарында сыртқы сауда келіссөздерін өткізбекші. Бұл өз кезегінде өзара сауда соғысының қызуын басып, әлемдік экономикаға қан жүгіртіп, мұнайға деген сұранысты арттыруы мүмкін.
Теңге ресей рубльмен арақатынаста аздап әлсіреді. Eurasian Development Bank Қазақстанның нақты ІЖӨ-сінің өсу болжамын 2019-2020 жылдарға 3,3%-ға дейін төмендетті. Желтоқсанда инфляцияның 0,7%-ға айтарлықтай өсуі да жағымсыз фактордың бірі болды. Дегенмен, Қазақстандағы инфляция жылға есептегенде 2017 жылғы 7,1%-бен салыстырғанда бәрібір 5,3%-ға дейін қысқарып отыр.
Бағам 5,4-5,58 теңге, доллар үшін 373-383 теңге және еуро үшін 425-439 теңге аралығында құбылуы мүмкін.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Тап қазіргі уақытта Бейжіңде өткен АҚШ пен ҚХР арасындағы саудаға қатысты келіссөздер желтоқсандағы күрт төмендеу салдарынан біршама шығынға ұшыраған америкалық биржаларда сауда жасайтын ойыншыларға тағы сенім ұялатты. Алайда, менің ойымша, екі ірі әлемдік экономиканың арасындағы сауда дауында айтарлықтай өзгеріс бола қоюы екіталай. Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы, еуропалық экономиканың әлсіз көрсеткіші және америкалық компаниялардың пайдасының баяулауы 2019 жылдың басты тақырыптары болады. Ал бұл қара алтын бағасына қысым болары, сөзсіз.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 381-385 теңге және еуроға қатысты бағамы 435-440 теңге болады деп болжап отырмыз.
Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Желтоқсан айының соңғы күндерінде күрт төмендегеніне қарамастан, теңге жаңа жылдық демалыстардан кейін біршама нығайды. Ең басты себеп – мұнай нарығының өсуі мен АҚШ пен ҚХР келіссөздерінің салдарынан пайда болған оптимизм жағдайында инвесторлардың дамушы елдер валютасына деген қызығушылығының артуы.
Бейжің мен Вашиннгтон арасындағы сауда соғысы шешіледі деген үміттің арқасында жыл басында Brent маркалы мұнай бағасы 15%-ға көтерілді. Екі ел арасындағы сауда дауы мұнай бағасының жаһандық өсуін қиындатып, отынға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар ОПЕК тарапынан қосымша қолдау пайда болды. Яғни танкерлердің қозағалысы туралы ақпар бойынша, 2018 жылдың соңғы айында экспорттаушылар мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге дейін қысқартқан.
Дегенмен нарықтағы жағдай әлі де шатқалақтап тұр. Инвесторлардың тәуекелді активтерден қашуы кез келген қайталануы мүмкін. Мысалы, егер сауда келіссөздері шешілмейтін болса және америкалық өндірушілердің белсенділігі де өте жоғары деңгейде қалып отыр, ал мұның бәрі мұнай бағасын қалыпқа келтіруді қиындататыны анық.
Теңге бағамы бір доллар үшін 373-377, еуро үшін 425-429 және рубль үшін 5,60-5,65 теңге шамасында болады деп отырмыз.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Өткен жылдың соңындағы құлдыраудан кейін, қазір қазақстандық теңге реттеліп жатыр. Теңгеге батыс нарығындағы жағдай мен мұнай бағасының шамамен 20%-ға көтерілгені көмек болды. Сондай-ақ АҚШ-тағы еңбек нарығына қатысты мәліметтің жақсы болуы мен Д. Пауэлдың ФРЖ өзінің монетарлық саясатын қайта қарауы мүмкін деуі де жаһандық раллиге дем берді. Алайда жалпы макроэкономикалық көрсеткіш бойынша бұл түзету жақында аяқталады, содан кейін нарықтар тағы төмендеуі мүмкін. Егер бұл іске асатын болса, онда теңге тағы төмендейді.
USD/KZT жұбы тағы 380 теңге деңгейін сынақтан өткізеді, ал теңгенің еуроға қатысты бағамы 440 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін, ал рубльге шаққандағы бағамы 5,5-5,60 теңге шамасында қалады.