Валюта болжамы: 7 тамыз-31 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады ( 27 тамыз-31 тамыз).

7 тамыз-31 тамыз    7 тамыз-31 тамызға арналған валюта болжамы

 Алдағы аптада теңгенің басқа валюталармен арадағы бағамына бұрынғыша сыртқы факторлар айтарлықтай әсер ететін болады. Бір айта кетерлігі, бұл жолы abctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың ұлттық валюта нығаяды ма әлде одан әрі әлсірей бере ме дегенге қатысты пікірлері екіге жарылды.

Мәселен, «Альпари» және IFC Markets компаниясындағы сарапшылар теңге нығаяды деп отыр. Сарапшылар түрік лирасы құлдырауды тоқтатуы, мұнай бағасының өсуі, Қытайда юаньды бірте-бірте нығайту саясатының басталуы, Ұлттық банктің теңгенің долларға қатысты ресми бағамын есептеу тәсілін өзгертуі, сондай-ақ АҚШ доллары индексінің төмендеуі теңгенің нығаюына әсер ететін жағымды факторлар деп есептейді.

Сонымен қатар сарапшылар теңге үшін қолайсыз болатын ең басты триггерді де еске салып кетті. Әңгіме бұл жерде Ресейге қарсы санкциялар жайында болып отыр, мұны «Альпари», «ФИНАМ», «Телетрейд Топ» және «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ сарапшылары өз шолуларында тағы айтып өтті. Басқа әсер етуші факторлар арасынан АҚШ пен Қытай арасында сауда келіссөзі бойынша нақтылықтың жоқтығы да сөз болды.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

 

Наталья Мильчакова, «Альпари»-дің сараптамалық департаменті директорының орынбасары:

7 тамыз-31 тамызБір апта ішінде дамушы елдер нарығында оптимизм пайда болды, бірақ барлығында емес. Түркия Орталық банкінің түрік лирасын құтқаруға қатысты шаралары мен түрік лирасына Катар тарапынан қаржылық көмек көрсетуі лираның құлдырауын тоқтатты, бірақ жағдай толық тұрақтаған жоқ. Бір қызығы, түрік лирасы 22 тамыз күні күшіне енген АҚШ-тың Ресейге қарсы алғашқы санкция пакетін күткендегі ресейлік рубль сияқты бір апта ішінде күрт төмендеді.

Brent маркалы мұнай өткен аптада 5,7%-ға қымбаттады, осының нәтижесінде «мұнай» валюталары өсті, оның ішінде теңге де шамалы нығайды. Осы уақыт ішінде Қытайда юаньды бірте-бірте нығайту саясатының басталғаны туралы хабарлады. Бұл да дамушы нарықтар үшін жағымды жаңалық болды.

Қазақстанда Ұлттық банк 10 қыркүйектен бастап теңгенің долларға қатысты ресми бағамы Қазақстан биржасындағы «Т+1» есеп айырысу мерзімімен сауда қорытындысының орташа биржалық бағамы негізінде белгіленетінін жария етті. Ұлттық банк бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес екенін және доллардың теңгеге қатысты бағамының күрт өсіп кетуінен сақтандыратынын, өйткені «Т+1» есептейтін нарық сегменті жақсы болжам жасайтынын түсіндірді.

Теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермейді, яғни бір доллар 359-363 теңге болады деп отырмыз. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,26-5,28 теңге болуы мүмкін.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

7 тамыз-31 тамызВашингтон мен Бейжің арасында сауда келіссөздері бойынша нақтылықтың болмауынан, америкалық биржа алаңдары бейсенбі күнгі сауда сессиясын төмен бағада жапты.

Трамп дүйсенбі күні Reuters-ке берген сұхбатында АҚШ қаржы министрі Дэвид Мальпас пен Қытайдың сауда вице-министрі Ван Шувенның жетекшілігімен өткен келіссөзден «көп нәрсе» күтпегенін айтты.

S&P500 нарығының индексі 0,17%-ға төмендеп, 2856,98 шамасында жабылды. Өндірістік Dow Jones индексі 0,30%-ға түсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса  0,14%-ды жоғалтқан. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы өзгермей, 2,82% болды.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөзі баланың ойыны іспетті. Америкалықтар Қытайды өз тауарын көп сатып алуға мәжбүрлеп, тауарларын Қытайдың қаржы нарығына жіберуді көздеп отыр. Сонымен қатар олар Қытай технологияларды ұрлады деп наразылық білдіруде. Қытай болса барлығына келісіп отыр, бірақ қандай да бір нақты қадам жасамай, қарашаға дейін уақытты созуда. Олар қарашада Конгрестегі аралық сайлау алдында Трамп көп нәрсеге көніп, айтарлықтай жеңілдіктер жасайды деп отыр.

Бүгін Джексон-Хоулда АҚШ-тың орталық банктерінің кездесуі өтеді, ол жерде ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл сөз сөйлейді. Инвесторлар одан реттеушінің ақша-несие саясаты одан әрі қалай болатыны жайлы болжам жасауға негізді естігілері келеді.

Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша рубльдің долларға қатысты бағамы 0,23%-ға төмендеп, сауданы 68,19 межеде жапты.

Қазіргі жағдайда АҚШ тарапынан болатын жаңа санкия пакетін енгізумен қатар рубльге Ресей банкінің валюта сатып алуы да қысым болды. Бірақ кеше ведомство нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін қыркүйектің соңына дейін валюта сатып алуды тоқтататынын хабарлады. Бір доллардың бағамы 69 рубль деңгейінде болуын реттеуші тегін таңдамаған сияқты, өйткені бұған алыпсатарлардың әзірге шамасы жетпейді.

Тап қазіргі уақытта жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай бағасы 69 доллар болып отыр. Қолдау 67,50 және 66,50 шамасында.

 Сондай-ақ егер доллардың 69 межесін ұстап тұру мүмкін болмаса, онда рубль бір доллар үшін 71 доллар болуы мүмкін екенін ескерген жөн.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,6  теңге, долларға қатысты бағамы 357-361 теңге және еуроға қатысты бағамы 411-415 теңге болады деп болжап отырмыз

Олег Богданов, «Телетрейд Топ» компаниясының бас сарапшысы:

7 тамыз-31 тамызӘлемдік нарықтарда emerging markets үшін жағымсыз тенденциялар күшеюде. Осы сегменттегі барлық валюта қысым көруде. Ең қиын жағдай ресейлік рубль нарығында болып отыр. АҚШ тарапынан ресейлік ірі банктерге санкциялардың болу мүмкіндігі инвесторларға ресейлік акциялар мен облигациялардан қарқынды шығуға мәжбүр етуде. Бұл бұрынғы посткеңестік кеңістіктегілердің жағдайын тұрақсыздандырады.

Осының салдарынан теңге төмендейді. Алдағы аптада доллар бағамы 370 теңге шамасында болады деп болжауға болады, EUR/KZT 425 теңге, ал теңгенің рубльмен арадағы қатынасы 5,2-5,5 теңге шамасында қалады.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

7 тамыз-31 тамызРесейде алдағы аптада салық төлемдері басталады. Бұл ресейлік рубль үшін шамалы уақыт қолдау болмақ. Содан кейін рубль бір доллар үшін 68 рубль шамасынан асуға тырысып бағады. Санкциядан келген жағымсыз жағдай әлі басылған жоқ, доллардың әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығаюда, сондықтан рубль мен теңге әлсірейді деп отырмыз.

Мұнайдың бағасы бір баррель үшін 75,5 доллар шамасына дейін көтерілді, бұл рубльге қолдау, бірақ та жақын арада мұнай бағасының өсуі тоқтап, қазіргі деңгей шамасында саудалануы мүмкін.

Келесі аптада доллар 358-370 теңге, рубль 5,2-5,5 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 73-80 доллар, бір биткоин 5000 -7500 АҚШ доллары болады деп болжап отырмын.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

7 тамыз-31 тамызӨткен аптада теңгенің не америкалық долларға, не ресейлік рубльге қатысты бағамы өзгерген жоқ. Теңгенің тұрақталуына Brent маркалы мұнай бағасының бір апта ішінде 7%-ға өсуі, сондай-ақ АҚШ доллары индексінің төмендеуі негізгі себеп болды.

Ұлттық банктің кезекті отырысында тамыз айындағы инфляция туралы мәлімет жарияланғанға дейін, яғни қыркүйектің басына дейін теңге қазіргі деңгейде болады деп айта аламын.

Осы аптада құбылмалық ауқымы бір рубль үшін 5,21-5,47 және бір доллар үшін 357-365 теңге болуы мүмкін.

 

7 тамыз-31 тамыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу