Валюта болжамы: 9 наурыз – 13 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
382,417

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.3.2020
380-385
Астана-Инвест
07.3.2020
382-389
ГК «ФИНАМ»
07.3.2020
377-381
Евразийский Капитал
07.3.2020
381-384
DAMU Capital Management
07.3.2020
382-385
SoftLink
07.3.2020
378-385
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,727

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.3.2020
5,50-6,00
Астана-Инвест
07.3.2020
5,7-5,9
ГК «ФИНАМ»
07.3.2020
5,7-5,9
Евразийский Капитал
07.3.2020
5,65-5,85
DAMU Capital Management
07.3.2020
5,6-5,7
SoftLink
07.3.2020
5,52-5,7
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
426,250

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.3.2020
420-427
Астана-Инвест
07.3.2020
427-433
ГК «ФИНАМ»
07.3.2020
419-426
Евразийский Капитал
07.3.2020
422,0-426,0
DAMU Capital Management
07.3.2020
425-430
SoftLink
07.3.2020
423-437
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,963

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.3.2020
54-56
Астана-Инвест
07.3.2020
54,5-55,5
ГК «ФИНАМ»
07.3.2020
53,75-54,90
Евразийский Капитал
07.3.2020
54,9-55,4
DAMU Capital Management
07.3.2020
55-55,5
SoftLink
07.3.2020
54,6-55,5

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (9 наурыз – 13 наурыз).

9 наурыз – 13 наурыз

       

           2 наурыз – 6 наурыз 

 

 

 

Осы аптада да коронавирус эпидемиясы мұнай бағасына ықпал етуде. Бұл триггер бүгінгі таңда ең негізгі фактор саналады. Сарапшылардың барлығы да осы жайтты атап өтті. Өткен аптадағыдай індет әлемдік экономика мен мұнай нарығына да кері әсерін тигізді. Шикізат құнына сонымен қатар Ресейдің ОПЕК ұсынысына деген позициясы да ықпал еткен. Аналитиктер өз болжамдарында Федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені 50 базистік пунктке төмендетуі мен ҚР Ұлттық банкінің интервенциясына тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

9 наурыз – 13 наурыз Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

Қазақстандық валюта әлі де әлсіреуін жалғастырады. Теңгенің қарқынды түрде қайта сатылуына қарамастан, осы жағдай сақталмақ. Инвесторларды қазір әлемнің үрейін ұшырып отырған эпидемия алаңдатып отыр. Нарықтағы акциялар құлдырап жатыр.

Келесі аптаға болжамым: доллар 380-385 теңге, еуро 420-427 теңге, рубль 5,50-6,00 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

9 наурыз – 13 наурыз Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

Сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары төмен көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексінің 11 секторы төменгі деңгейге түсіп кетті, әсіресе қаржы және туристік секторының акциялары құлдырады.

Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 2,87 пайызға арзандап, бір баррелі 50,10 доллар деңгейінде қалды. ОПЕК Ресейге мұнай өндірісін қысқартуды ұсынған болатын, бірақ екінші тарап бұған жауап бермеді. Осы жайт қазір нарықты алаңдатып отыр.

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 377-381 теңге, еуро 419-426 теңге, рубль 5,7-5,9 теңге, юань 53,75-54,90 теңге болады.

 

9 наурыз – 13 наурыз Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры

Инвесторлардың назары әлі де жаңа коронавируста. Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 50 базистік пунктке төмендетіп, 1,-1,25 пайыз деңгейінде қалдырды. Америкалық экономиканы ынталандыруыға бағытталған бұл шара әлемдік нарықты сәл тұрақсыздандырып жіберді. Өйткені қаржы реттеушісі мөлшерлемені 2008 жылдан бері қысқартпаған еді.

ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту туралы ұсынысынан кейін эталон маркалы шикізат құны қымбаттады. Бірақ апта соңында қара алтын бағасы арзандап кетті.

Келесі аптада бір доллар 382-385 теңге, бір еуро 425-430 теңге, бір рубль 5,6-5,7 теңге, бір юань 55-55,5 теңге болады.

 

9 наурыз – 13 наурыз Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

Өткен аптада теңгенің рубльден бөлек негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді.Бұған эталон маркалық мұнай баррелі бағасының күрт арзандауы түрткі болып отыр. ОПЕК пен оған мүше елдер мұнай өндірісін қысқарту туралы ортақ шешімге келе алмады.

Келесі аптада АҚШ доллары 378-385 теңге, еуро 423-437 теңге, рубль 5,52-5,7 теңге, юань 54,6-55,5 теңге болады.

 

 

9 наурыз – 13 наурыз Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

Коронавирус кесірінен мұнай бағасы құлдырауда. Рубль де әлсіреп жатыр. Теңге айтарлықтай әлсірей қоймады. ОПЕК елдері мұнай өндірісін қысқарту жөнінде мәмілеге келе алмады. Өйткені Ресей ұйымның ұсынысына әлі де келісімін бермеген. Жаңа коронавирус әлемдік экономикаға кері әсерін тигізуде.

Келесі аптаға болжамым: бір доллар 382-389 теңге, бір еуро 427-433 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге, бір юань 54,5-55,5 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу