Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.2.2020 |
378-382 |
ГК «ФИНАМ»
29.2.2020 |
377-381 |
Астана-Инвест
29.2.2020 |
379-384 |
DAMU Capital Management
29.2.2020 |
382-384 |
Forex Club
29.2.2020 |
381-383 |
SoftLink
29.2.2020 |
375-384 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.2.2020 |
5,50-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
29.2.2020 |
5,8-6 |
Астана-Инвест
29.2.2020 |
5,6-5,8 |
DAMU Capital Management
29.2.2020 |
5,75-5,85 |
Forex Club
29.2.2020 |
5,8-6,2 |
SoftLink
29.2.2020 |
5,62-5,7 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.2.2020 |
413-422 |
ГК «ФИНАМ»
29.2.2020 |
411-417 |
Астана-Инвест
29.2.2020 |
415-425 |
DAMU Capital Management
29.2.2020 |
420-425 |
Forex Club
29.2.2020 |
420-422 |
SoftLink
29.2.2020 |
409-427 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.2.2020 |
54-55 |
ГК «ФИНАМ»
29.2.2020 |
53,80-54,70 |
Астана-Инвест
29.2.2020 |
54,0-55,0 |
DAMU Capital Management
29.2.2020 |
54,5-55 |
Forex Club
29.2.2020 |
54,5-6 |
SoftLink
29.2.2020 |
53,7-55,2 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (2 наурыз – 6 наурыз).
Коронавирус осы аптада мұнай бағасын төмендетті. Бұл фактор мұнай валюталарына, теңге мен рубльге әсерін тигізді. Инвесторлар эпидемия өршіп кетіп, бұның арты әлемдік экономиканың бәсеңдеуіне түрткі болады деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Сарапшылардың пікірінше, індет салдарынан қор және шикізат нарығы құлдырай түспек. Олар Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы мен ОПЕК отырысын өз болжамдарында сөз етті. Сонымен қатар америкалық статистикалық мәліметтер мен Халықарылық қор жүйесінің алдағы шараларына тоқталды. Сонымен қатар олар Қазақстанда мемлекеттік облигацияларға деген сұраныстың артуы мен Ұлттық банктің ішкі нарықтағы әрекетіне қатысты ойларын білдірді.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Наурыз айының басында ұлттық валютаға мұнай бағасы мен басқа триггерлер ықпал етпек. Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны арзандауда: 50 долларға дейін жетті. Бұл теңгеге кері әсерін тигізетіні анық.
Келесі аптаға болжамым: доллар 378-382 теңге, еуро 413-422 теңге, рубль 5,50-5,85 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Бейсенбідегі сауданың қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары төмен көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 4,42 пайызға кеміп, 2978,76 пунктке жетті. Dow Jones индексі 4,42 пайызға, NASDAQ 4,6 пайызға төмендеді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бес базистік пунктке кеміп, 1,28 пайыз болды. Германияның 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі -0,54 пайызға дейін төмендеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша, эпидемия жаһандық пандемияға ұласып кетуі мүмкін. Өткен сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 3,87 пайызға арзандап, бір баррелі 51,41 доллар деңгейінде қалды. Менің ойымша, ОПЕК+ наурыз айында мұнай бір күндегі өндіріс көлемін 600 мың баррельге қысқартуы мүмкін.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 377-381 теңге, еуро 411-417 теңге, рубль 5,8-6 теңге, юань 53,80-54,70 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры
Жаңа коронавирус әлі де әлемнің үрейін ұшырып отыр. Әлемдік экономиканың өсімі төмендеп, рецессия болады деген күдік бар. Осы орайда Халықаралық валюта қоры мен ірі инвестициялық банктер тиісті шаралар қабылдап жатыр. Нарық орталық банктердің пайыздық мөлшерлемені түсіруін күтіп отыр. Инвесторлардың ойынша, коронавирус салдары осы жылдың екінші тоқсанына дейін жалғасуы мүмкін. Таяу Шығыстағы жағдай да мәз емес, Түркия мен Сирия арасындағы шиеленіс өршіп кетті. Дегенмен бұл фактор мұнай бағасының көтерілуіне себепкер бола алмады. Келесі айдың басында ОПЕК+ елдері осы жағдайға қатысты ортақ мәмілеге келеді.
Келесі аптада бір доллар 382-384 теңге, бір еуро 420-425 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 54,5-55 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Өткен аптада теңгенің рубльден бөлек негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді.Бұған эталон маркалық мұнай баррелі бағасының күрт арзандауы түрткі болды. Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылдағы ең төменгі деңгейге жетіп отыр. Мұнай өндіруші елдердің валюталары зардап шекті: теңге рубльге қарағанда әлдеқайда тұрақтылық танытты.
Келесі аптада АҚШ доллары 375-384 теңге, еуро 409-427 теңге, рубль 5,62-5,78 теңге, юань 53,7-55,2 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің рубльден басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы осы аптада арзандады. Коронавирус кесірінен әлем экономикасының әлсіреуінен қаржы нарықтары зардап шегіп отыр. Мұнай құны да құлдырады. Қазақстандық валюта бағамының төмендеуіне еліміздегі кезекті салық кезеңінің аяқталуы түрткі болды.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 381-383 теңге, бір еуро 420-422 теңге, бір рубль 5,8-6,2 теңге, бір юань 54,5 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
Коронавирус әлі жаппай таралуда. АҚШ-тың статистикалық мәліметі төмен көрсеткіштерге ие болды. Бұған әсер етіп отырған – эпидемия. Наурыз айында Халықаралық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетеді. Өз кезегінде бұл фактор нарыққа оң әсерін тигізбек. Менің ойымша, қор және шикізат нарығындағы көрсеткіштер әлі де төмендей түспек. Салдарынан теңге мен рубль де әлсірейді. Бұның қашан тоқтайтынын айта алмаймын. Десе де рубльге қарағанда теңге қатты әлсіремеді. Ұлттық банк тиісті шаралар қабылдады деп ойлаймын.
Келесі аптаға болжамым: бір доллар 379-384 теңге, бір еуро 415-425 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір юань 54,0-55,0 теңге болады.