Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (5 наурыз – 9 наурыз).
Алдағы аптада энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай теңге бағамын белгілейтін негізгі факторлардың бірі болмақ. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар ( TeleTrade, Wall Street Invest Partners, «Еуразиялық Капитал» АҚ, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан») АҚШ-тағы мұнай қорының және оны өндіру көлемінің едәуір артуы мұнай бағасын реттеудің бірден-бір себебі болуы мүмкін екенін атап кетті. Біздің сауалнамаға қатысқан сарапшының көбісі «қара алтынның» бағасы алдағы уақытта төмендеуін жалғастыратынына сенімді.
АҚШ президенті Дональд Трамптың темір мен алюминийге бөгеуші импорттық баж енгізу туралы мәлімдемесі осы аптада талқыланған маңызды оқиғаның бірі болды. Бұған «ФИНАМ», «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» және IFC Markets сарапшылары тоқталып кетті.
Сарапшылар («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниялар тобы) ФРЖ-ның жаңа басшысы Джером Пауэллдың АҚШ конгресі алдында сөз алып, осы жылы пайыздық мөлшерлеме төрт рет көтерілуі мүмкін екені туралы айтқанын тағы бір америкалық триггер ретінде қарастырып отыр.
ЕОБ-ның пайыздық мөлшерлеме бойынша шешімі мен АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша мәліметтерінің жариялануы алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға әсер етеді.
Ал ішкі оқиғаларға келер болсақ, онда сарапшылар (TeleTrade, IFC Markets) тек Ұлттық банктың отырысына ғана тоқталып өтті. Бұл ретте сарапшылар пайыздық мөлшерлеме өзгереді деп ойламайды.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:
Қазақстанда банк секторының қаңтарда атқарған жұмысының қаржылық нәтижесі жарияланды. Нәтиже едәуір алаңдаушылық туғызды. Қаңтарда банктердің жиынтық капиталы 1,7%-ға, 23,8 трлн теңгеге дейін түсіп кетті. Бұған несие қоржынын кері бағалау және Ұлттық банктің күмәнді қарыздар бойынша қор құруға шығындарды арттыру туралы жаңа талаптарының күшіне енуі басты себеп болды. Мұндай нәтижелер бір ақ рет болатынына қарамастан, мәліметтер теңге бағамына кері әсер етті.
Алдағы аптада бір доллар 319-322 теңге, бір рубль 5,65-5,7 теңге болады деп болжап отырмыз.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Бейсенбі күнгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша S&P500 нарығының америкалық индексі 1,33%-ға төмендеп, сауданы 2677, 67 көрсеткіште жапты. Dow Jones өндірістік индексі 1,68%-ға түсіп кетті.
Мұхиттың арғы жағындағы биржадаларда одан әрі төмендеуіне Трапм әкімшілігінің тасымалданатын темір мен алюминийге баж салығын енгізуі себеп болды. Бұл көлік шығарушылардың акциясына кері әсер етті. Сонымен қатар ФРЖ-ның жаңа басшысы Джером Пауэллдың пайыздық мөлшерлемені арттыру бағамының дұрыстығы туралы мәлімдемесі де ойыншыларға сенім бермеді. ФРЖ-ның жаңа басшысы американың экономикасы үшін қиындық жоқ дегенмен, Societe Generale сарапшылары 2019 жылдың соңына қарай АҚШ-та рецессия болады, ол 2020 жылға дейін жалғасады деп отыр.
Өткен сауда қорытындылары бойынша мұнай бағасы 2,37%-ға төмендеді де, әлемдік валюта нарығында доллардың нығаюының жалғасуы және сәрсенбі күні өткен The ICE Futures Europe биржасында наурыз айының фьючерстері экспирациясы негізінде сауданы 64,20 доллар шамасында жапты.
Бұл жағдайда Brent жергілікті қолдаумен 63,20 доллар және 62,50 доллар шамасында саудаланады.
Келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы өзгермейді, яғни бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір доллар 320-322 теңге және еуро 390-392 теңге шамасында болады деп отырмыз.
Анастасия Игнатенко, TeleTrade тобы компаниясының жетекші сарапшысы:
Ең бірінші, ақпан айының қорытындысы бойынша қазақстандық теңгемен жұп америкалық валюта 2017 жылдың қазанында басталған үрдісті жалғастырып, 0,83%-ды жоғалтқанын атап кеткен жөн.
USD/KZT жұбы қаңтар айындағы көрсеткішті шамалы жаңартты. Егер 318-318,50 теңе шамасы тұрақты тұратын болса, онда бұл жұп қайта қалыпқа келеді деп есептейміз.
АҚШ долларының реттелу мүмкіншілігі бар, оларды іске асыру үшін төмендегі жайттар көмектесе алады.
1) Дүйсенбі, 5 наурыз күні Ұлттық банк Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де пайыздық мөлшерлемеге қатысты өзінің шешімін жариялайды. 15 қаңтарда болған бірінші отырыста реттеуші пайыздық мөлшерлемені жылдық 9,75% деңгейіне дейін төмендетті.
Алайда ілеспе баспасөз баянында көрсетілгендей, ақша-несие шартын одан әрі жеңілдету әлемдік нарықтағы шартқа, отандық экономикадағы трендтерге байланысты болады. Бұл Қазақстанның Орталық банкі жақында болатын отырыста мөлшерлеме көлемін өзгертпейді деген сөз.
2) Екінші, бағам динамикасына әсер ететін маңызды фактор деп мұнай нарығын айтуға болады. Мұнай қоры бойынша соңғы мәліметтер айды жабуға соңғы шешім болды. Осындай жағдай аралығындағы айлардан жақсы ештеңе күтуге болмайды. Әсіресе, мұнай және бензин қорының өсуінен басқа Америкада мұнай өндірудің артуын болжап отырмыз. 17 ақпаннан 23 ақпан аралығында мұнай өндіру күніне 10,283 млн баррельге дейін өсті. Бұл алдағы аптадағы 10,270 млн баррель көрсеткішке қарама-қайшы келді.
Көптеген сарапшы жылдың соңына қарай мұнай өндіру тәулігіне 11 млн баррельден асуы мүмкін деп есептейді. Наурызда мұнайдың бір баррелі 60 доллар шамасында болады деп ойлаймын. Келесі аптада сейсенбі және сәрсенбі күндері өз есептерін жариялайтын API және EIA агенттіктерінің мұнай қоры бойынша беретін мәліметтеріне мән берген дұрыс. Әр аптаның соңында Мәскеу уақыты бойынша сағат 21.00-де бұрғылау жабдықтары бойынша статистика шығады. Бұл статистика апта басындағы саудаға әсер етеді. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, мұнай нарығы қатпарлы мұнай өндірушілердің белсенділігінің артуынан да қауіптенеді.
3) Аптаның соңына қарай, 9 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 16.30-да Американың еңбек нарығы бойынша мәліметтер жарияланады. Қаңтар айындағы көрсеткіш ойыншыларды бір серпілтіп тастаған болатын, яғни жұмыс орындарының саны 200 мың болды, ал жұмыссыздық 4,1% болып, соңғы 17 жылда ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Жақсы мәліметтер америкалық валютаға қолдау көрсететіні сөзсіз және валюта нарығындағы жергілікті жағдайды өзгертуі мүмкін.
Осылайша, бір доллардың 318-318,50 теңге деңгейінде болуын тұрақты қолдау жағдайында USD/KZT жұбы 322,50-324 теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Ал RUB/KZT жұбының динамикасын сөз ететін болсақ, онда рубль әзірге теңгенің жергілікті өсу тренді аясында ғана тұр.
Ілияс Басшығұл, WallStreetInvestPartners» компаниясының жетекші сарапшысы:
Теңге доллардың қысымына түсіп қалы. Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы шамалы әлсіреді, алайда рубльге қатысты бағамы нығайды. Сыртқы сипат бұған басты себеп.
Америкалық валютаның негізгі валюталарға қатысты бағамы нығаюды мақсат етіп отыр. ФРЖ-ның жаңа басшысы Джером Пауэлла АҚШ конгерсі алдында сөйлеген сөзі қарқынды болды. Біріншіден, Пауэлл сұрақтарға өзінің алдында болған басшылар сияқты жаттанды сөздермен емес, өз сөзімен жауап берді. Ол нарық қатысушыларының күткенін айтпаса да, айтқандары жалпы түсінікті болды.
Ең бастысы, ФРЖ-ның жаңа басшысы осы жылы пайыздық мөлшерлеменің төрт рет көтерілуі мүмкін екенін айтты. Пауэлл қор нарығында түзетулерді қарастырмайтынын және кезекті құбылмалықты экономика немесе пайыздық мөлшерлеменің саясатын өзгертуге себеп болатын фактор үшін қауіп деп қарамайтынын айтты. Сонымен қатар ол Трапм әкімшілігінің салық реформасы тарапынан болатын инфляцияның мақсатты қарқынына қол жеткізуде де кедергінің жоқ екенін айтты. Оның ойынша, экономика мен инфляция 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда күшті болып отыр.
Осылайша, ФРЖ осы жылы бірінші рет мөлшерлемені көтеруі мүмкін. Осыған байланысты наурыз айының ортасында оқиғалар ағынын күте беруге болады.
Еуропалық нарық жайын сөз етер болсақ, онда олардың өз қиындықтары бар. Ұлыбританияның ЕО-дан шығуына қатысты өткен келіссөздері қиындықтарға тап болды, британ премьер-министрі Тереза Мэй үшін саяси дағдарысқа айналуы мүмкін. ЕО Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы келісімнің алғашқы жазбасын жариялады, онда ол Ұлыбритания одақтан шыққаннан кейін Ирландия үшін «бірыңғай реттеуші аймақты» құруды ұсынады. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй бСолтүстік Ирландияға арналған жеке кедендік келісімге «Ұлыбританияның ешқандай премьер-министрі келіспейді» деп жауап берді.
Өткен аптаның сәрсенбісінде АҚШ энергетика министрлігінің энергетикаық ақпарат басқармасының апталық есебінде АҚШ шикі мұнай қоры апта ішінде 3,019 млн баррельге өсті деп көрсетілгеннен кейін, мұнай бағасы қысым астында қалды. Энергетика министрлігінің мәліметтері Америкалық мұнай институтының жақында жариялағанынан айтарлықтай жоғары болды.
Нарық қатысушыларының АҚШ-тағы мұнай өндірудің өсуі ОПЕК-тің әлемдік нарықтағы балансты қалыпқа келтірудегі барлық күшін жойып жіберуі мүмкін деген қаупі сақталып қалуда. Бұл қауіп мұнай бағасына жағымсыз ісер етуі мүмкін.
Алдағы апта халықаралық қаржы нарығы үшін тиімді болмақ. Негізгі валюталар бағасы және шикізат бағасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл болжам АОБ-ның бейсенбі күнгі пайыздық мөлшерлемесі бойынша шешімімен және АҚШ-тың жұма күні еңбек нарығы бойынша мәліметтерді жариялауымен, дамыған елдердің ОБ басшыларының айтқанымен байланысты. Осылайша, теңге бағамының өзгеруіне негізінен сыртқы факторлар әсер етеді. Теңгенің долларға қатысты болжамдық бағамы 321-326 теңге шамасында болады. Ал ресейлік рубльге қатысты бағамы қазіргі деңгейде қалады деп отырмыз, яғни 5,60-5,70 теңге.
Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Қазақстан мен Ресейдің ұлттық валюталары бағамына ең бірінші, мұнай бағасы мен орталық банктердің валюта қорын толтыру бойынша жұмысы әсер етеді. Біздің бағалауымыз бойынша, мұнай бағасының айтарлықтай артуы үшін маңызды факторлар жоқ. Ал АҚШ-тың мұнай өндіру көлемін өсіруі ықтимал жағымды жаңалықтардан асып түседі. Нәтижесінде алдағы аптаның басында Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі басында 65 долларға дейін өсіп, содан кейін аптаның соңында бірте-бірте 62-63 долларға дейін түседі. Теңгенің долларға қатысты бағамы 322 теңгеден 324 теңгеге дейін түседі деп болжап отырмыз. Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы 5,69-5,75 теңге шамасында болады.
Сергей Полыгалов, «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниясының шеф-сарапшысы:
Наурыз айының алғашқы аптасында қазақстандық теңге үшін қандай да бір тосын жағдай болуы екіталай. Теңгенің долларға қатысты бағамы шамалы әлсіреуі мүмкін, бірақ бұл оны тек саудаланып жатқан жоғарғы шекке жақындатады. Ал USD/KZT жұбының бағамы түбегейлі өзгеруі мүмкін емес.
Теңгенің әлсіреуі ең бірінші, әлемдік нарықтағы мұна бағасының төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. «Қара алтынның» бағасының бір баррелі 67,40 долларға дейін өскеннен кейін тағы да 62,50 шамасына түсіп келеді. Бірақ оған дейін әлі бір доллар бар. Мұның барлығы АҚШ-тағы мұнай қорының айтарлықтай артуымен және оны өндірудің өсуімен байланысты.
Америкадағы шикі мұнай қоры тағы да 3 миллион баррельден асып кетті, ал бензин болса төмендейді дегеннен 2,48 млн баррельге өсіп шыға келді. Мұнай өндіру рекордтық деңгейден түспей, тәулігіне 10,28 млн баррель болып отыр. Сондай-ақ қиындықтары басынан асып жатса да мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельден түсірмей, мұнай экспортын 50 мың баррельга арттырып отырған Ливияда бұл жағдайды одан сайын өршітіп отыр. Мұнай нарығында үлкен қиындықтардың басталуы туралы бірдеңе айту әлі ерте, бірақ та «қара алтын» төмендеуін жалғастырып, бір бөшкесі 62,50 доллар шамасында саудаланатын болады.
Бәлкім, америкалық валюта мұнайға қарама-қайшы келуі мүмкін. Өткен аптада қарқынды өскен АҚШ доллары осы аптада қайта түстен сияқты. Әлемдік нарықтағы долларға қолдау бодатынның барлығы болып бітті. Нарықтар оң макростатистикаға үміттенген болатын және ФРЖ-ның жаңа басшысы Джером Пауэлл Конгрессте өзін қай қырынан танытады деп күткен болатын. Экономикалық көрсеткіштер жайлы айтар болсақ, онда америка экономикасында нақты проблемалардың бар екенін сенімді түрде айтуға болады. Инфляция өспей тұр, экономиканың өсу қарқыны да баяулады, сонымен қатар еңбек нарығында, әсіресе, жұмыссыздарға қатысты жағдай да жақсы емес. АҚШ-тың экономикалық күнтізбесі өткен апта бойына қызу талқыда болды. Долларға деген соңғы үміт Пауэллде болатын, алайда конгресс алдында сөз сөйлеген ол сенімділік көрсетіп, банк комитетіне басымдық көрсетті. Ақыр-соңында нарықтың агрессиялық несие-ақша саясаты болады деген үміті өзгермеді, сонымен қатар күдікте сейілмеді.
Дональд Трамп жайлы атпай кету мүмкін емес. АҚШ президенті америкалық өндірушілерді қолдау мақсатында темір мен алюминийге 20% және 10% мөлшерінде баж салығын енгізу керектігін мәлім етті. Ал бұл Қытай, Еуроодақ, Канада сияқты алдыңғы қатарлы сауда серіктесі елдері тарапынан қарсылық шараларының болу қаупіне әкеледі. Яғни сауда соғысы болуы мүмкін. Айтпақшы, ресми түрле бажды енгізу туралы мәселе осы аптада шешілетін болады. Егер мәселе жақыс шешілетін болса, онда америкалық доллар түседі.
8 наурыз күні ЕОБ-ның кезекті отырысы өтеді және нарық ойыншыларының барлық назары сонда болады, ал ол доллардың пайдасына шешілмейді. Нарық қатысушылары еуропалық реттеуші жақында несие-ақша саясатын күшейту туралы белгі береді деп үміттенеді. Бұл долларға қосымша қысым болады.
Ресейдің рейтингісі көтерілгеннен кейін ресейлік валюта бір доллар үшін 55 рубльге дейін жетті, бірақ мұнай бағасының төмендеуінен бір доллар үшін 57 рубль шамасына қайта оралды. USD/RUB жұбы осы шамада саудалануын жалғастыратын сияқты, сонымен қатар доллардың әлсіреуі ресейлік валютаға қолдау болады. Сайлау алдындағы кезең де ресейлік валютаға қолдау көрсетеді. 18 наурызға дейін ресейлік рубль өзін сенімді ұстайтын болады.
Нәтижесінде мұнайдың бір баррелі 62,50-64 доллар шамасында саудаланып, RUB/KZT жұбы бір рубль үшін 5,65-5,75 теңге шамасында болады. Ал USD/KZT болса бір америкалық доллар үшін 318,50-325 теңге ауқымында болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:
Өткен аптада Brent маркалы мұнай бағасының төмендеуінен, қазақстандық теңге әлсіреді. Сонымен қатар осы жылдың ақпанында инфляцияның қаңтардағы +0,6%-дан +0,7%-ға дейін өсуі де қазақстандық теңгенің әлсіреуі үшін қосымша фактор болды. Апта ішінде теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы шамалы болса да нығайды.
Ресей валютасының бағамына АҚШ президенті Дональд Трамптың темір мен алюминийді бөгейтін ипорттық баж енгізу туралы мәлімдемесі кері әсер етті. Ресей АҚШ-қа темір тасымалдаушылар ішінде бесінші орында тұр. Алдағы аптада теңге бағамының динамикасына дүйсенбі күні өтетін Ұлттық банктің кезекті отырысы әсер етуі мүмкін. Дегенмен де пайыздық мөлшерлеме қазіргі 9,75% деңгейінде қалуға тиіс. Осы аптадағы құбылмалықтың болжамдық ауқымы бір рубль үшін 5,6-5,8 теңге және бір доллар үшін 318-325 теңге болуы мүмкін.