"Алтын сапа" байқауына өтінім қабылдау басталды

908

"Алтын сапа" байқауына өтінім қабылдау басталды

"Атамекен" КҰП Қазақстан Республикасы президентінің "Алтын сапа" сыйлығын иеленуге арналған байқау мен "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.
КҰП төралқа төрағасы хатшылығының жетекшісі байқауларды ұйымдастыру мен өткізу процедурасын жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 24 қарашасында жарғыға өзгертулер енгізілгені жайында айтты. Биылғы 2018 жылдың байқауы соңғы өзгертулерге сай өтеді. "Алтын сапа" байқауына жаңадан ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерінің өндірісі саласына арналған төртінші аталым енгізілді. Сонымен қатар "Үздік индустриялық жоба", "Үздік инновациялық жоба" арнайы сыйлығы бекітілді.

"Комиссияның құрамы да өзгерді, ауыл шаруашылығы өнімі мен қайта өңдейтін тағам өнеркәсібі заңды тұлғалар бірлестіктерінің бір-бірден енгізілді, Сонымен қатар байқауға қатысу үшін кәсіпорындарды ынталандыру шарасы – "Алтын сапа" сыйлығының әр лауреатына 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Бұл сыйақы халықаралық байқауға қатысуға ынталандырады", – деп хабарлады палатаның төралқа төрағасы хатшылығының жетекшісі, іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

"Алтын сапа" сыйлығы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт аталым бойынша табысталады: "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халыққар арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" және "Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын".

Байқауларға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу