Кәсіпкер Абылай Ғабжалиловке қатысты мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып "ҚазАқпарат" ХАА.
"Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҚК 222-бабы 3-бөлігі, 193 бабы, 3-бөлігі "В" тармағы бойынша қылмыс жасаған 1978 жылы 25 маусымда туған Абылай Хайруллаұлы Ғабжалиловке іздеу жариялады. Іздеу түрі "мемлекетаралық", қамуда ұстау. Ұлты қазақ, білімі жоғары", делінген хабарламада.
Тану белгілері: бойы 175 см, дене бітімі орташа, көзі қара, қалың қасты.
Ведомство таратқан ақпарат бойынша іздеу жарияланған адам туралы қандай да ақпарат болса, мына мекенжай бойынша хабарласуды сұрайды: 050000, Қазақстан, Алматы, Абылай хан көшесі 93/95, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті: 8 (727) 279-29-56 (кезекші бөлім), ұялы байланыс: 8-747-111-93-77. Абылай Ғабжалилов "Аралтұз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.