Қазақстанда соңғы жаңалықтар "Астана" ХҚО Оңтүстік Корея Қаржы институты келіссөздер "Астана" Халықаралық Қаржы орталығының делегациясы Оңтүстік Кореяның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Оңтүстік Корея Республикасына жасаған мемлекеттік іссапары аясында "Астана" Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Оңтүстік Кореяның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты меморандумдарға қол қойды. Корея Қор Биржасына (KRX) барған кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов корейлік серіктестерді Қаржы орталығының Елбасының Бес институционалды реформалары мен "Жүз нақты қадам" бастамасының аясында құрылғандығынан хабардар етті. Орталықтың жүзеге асуы үшін Конституциялық Заң қабылданғанын, Заңның АХҚО қатысушыларына ерекше жағдай жасайтынын айтты. Сонымен қатар капитал нарығын дамыту бойынша, жаңа қаржылық құралдарды пайдалану тұрғысынан тәжірбие алмасу, ынтымақтасу мәселелері талқыланды. Тиімді серіктесу үшін, дәлірегінде, біріккен кәсіби білім бағдарламаларын ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер конференциялары мен семинарларын өткізу мақсатында Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Сонымен қатар, АХҚО делегациясы Кореяның капитал нарығын зерттеу Институты (KCMI) мен Кореяның Каржылық инвестициялық Қауымдастығымен (KOFIA) келіссөздер жүргізді. Негізгі тақырып – Қазақстандағы қаржы нарығы функцияларының бекіп, бәсекегеқабілеттілігінің арту жолдары. Тараптар өзара қатынасты тереңдету мақсатында Ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Оңтүстіккорейлік GivtechCo., Ltd. және NongHuypBank компанияларымен келіссөздер кезінде қазақстандық тарап ақша аудару және транзакциялық платформалар жүйелері саласындағы қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерімен, бұған қоса, қаржы қызметтерінің "оңай" әрі "жеңілдетілген түрін" көрсететін бағдарламалармен танысты.