"Астана" УЕФА-ның клубтық рейтингінде екі саты төмендеді

675

"Астана" УЕФА-ның клубтық рейтингінде екі саты төмендеді

Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчтарын қорытындылай келе, УЕФА клубтық рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

"Янг Бойздан" жеңіліп қалған (0:3) "Астана" 111-ші орыннан 113-ші орынға сырғыды. Қазақстан чемпионының активінде әдеттегідей 16.800 балл бар. "Астананың" топ бойынша барлық қарсыластарының қазақстандықтардан жоғары орналасқанын атап өткен жөн:  "Олимпиакос" - 26-шы (60.380), "Янг Бойз" - 68-ші (28.915), АПОЭЛ - 85-ші (24.110). "В" тобындағы ойындар аяқталған соңғы командалардың ұпай саны бойынша тізімі: АПОЭЛ - 12 ұпай, "Олимпиакос" - 8, "Янг Бойз" - 8, "Астана" - 5. АПОЭЛ мен "Олимпиакос" ("Янг Бойздан" бұрынғы жеке кездесулердің артықшылығы арқасында) плей-офф кезеңіне шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу