"Атамекен" КҰП Өзбекстанмен туризм саласында ынтымақтасу бойынша меморандум түзді. Қол қойылған меморундум аясында бірлескен жоспар құру келісілді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның Өзбекстанның жеке туристік ұйымдары қауымдастығының төрағасы Набижон Касимовпен кездесуінде туризм саласындағы өзара тиімді мәселелер қаралды. Сондай-ақ бірлескен туртоптамалар мен екі елдің көрнекті жерлері мен трансшекаралық дамыту, медициналық туризм бойынша ілгерілету мүмкіндіктері қарастырылды. Туризм саласында танымалдылыққа ие – караванингті жандандыру, Ұлы Жібек жолы бойынша бағыттарды әзірлеу мен екі ел арасындағы көрнекті жерлер бойынша ақпарат тарату мәселелері де тілге тиек болды.