"Атамекен" КҰП: ШОК субъектілеріне қызмет көрсету жоспары 171 пайызға орындалды

842

"Атамекен" КҰП: ШОК субъектілеріне қызмет көрсету жоспары 171 пайызға орындалды

2017 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 51 348 қызмет көрсетілді. ШОК субъектілеріне қызмет көрсету жоспары 171%-ға орындалды, деп хабарлайды atameken.kz.

Сонымен қатар моноқалалар, шағын қалалар мен аудан орталықтарында халыққа мемлекеттің бизнесті қолдау шаралары жайлы ақпарат беру мақсатында құрылған кәсіпкерлерге қолдау көрсететін 189 орталықта 113 393 клиентке қызмет көрсетіліп, 237 835 консультациялық қызмет берілді, бұл жоспарлық көрсеткіштен 170% жоғары (ҚР ҰЭМ жоспары – 140 кеңес беру).

2017 жылы "Бизнес-мектеп" құрауышы бойынша 22 291 адам білім алды (жылдық жоспары 149%-ға орындалды).

2017 жылдың 9 айында "Іскерлік байланыс" құралының 1 кезеңі аясында 555 мекеменің басшылары білім алды, жоспар бойынша 500 адамды оқыту керек еді, сонымен қатар екінші кезең аясында 43 кәсіпкер Германияның Тюбинген және Дрезден қалаларында тағылымнамадан өтті.

"Басқару әдісі, өндіріс технологиясы, жабдығын енгізу және мамандарды оқыту мәселесі бойынша шетелдік біліктілігі жоғары мамандарды тарту (аға сеньорлар)" құрауышы шет елдің тәжірибесі мол мамандарын қатыстыра отырып, қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдісін, өндіріс технологиясы, жабдығын енгізу мен мамандарды оқыту мәселесіне қатысты кеңес беру мақсатында жүзеге асырылады.

2017 жылдың 11 айында "Атамекен" германиялық серіктестің көмегімен 67 сарапшылық миссия ұйымдастырды (ҚР ҰЭМ доспары – 64 миссия), тікелей кәсіпорындарда жұмысты жақсартуға қатысты консультациялық қызмет көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу