"Атамекен" палатасы кәсіпкерлерге тегін пост-терминал таратуда

743

"Атамекен" палатасы кәсіпкерлерге тегін пост-терминал таратуда

Еліміздегі саудагерлердің 75 пайызы төлемді карта арқылы қабылдамайды. Осыған орай  "Атамекен" палатасы және республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы тегін әрі абонеттік төлемсіз пост-терминалдар тарату акциясын бастады. Сондай-ақ, Салық кодексіндегі өзгерістерді айтып, түсіндіру үшін әр өңірде конференциялар өткізуде, деп хабарлайды Atameken TV.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жаңа құжатта таза әрі адал жұмыс істеуге және сауда айналымын жақсартуға бағытталған артықшылықтар бар. Кәсіпкерлермен кездесуде цифландыру бағдарламасы бойынша жаңаға сатыға көтеріу, интернетте кәсібін дөңгелету, автоматтандыру жүйесі арқылы кіріс мөлшерінің артқандығын көру сияқты сабақтар да жүргізілуде.

"Көбісі үлкен қалада тұрсақ та карточка қолданайын десе, көбісі жеке кәсіпкерлерде пост терминал жоқ. Одан кейін жеке мақсатымыз жеке кәсіпкерлер заңды түрде жұмыс істеуі үшін салық төлеу үшін бәріін түсіндіріп өтеміз. Жаңағы пост терминалдарды сыйға өткіземіз", - дейді Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Динара Тапалова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу