"Бизнеске шектеу жоқ" атты арнайы жоба әзірленуде

1063

"Бизнеске шектеу жоқ" атты арнайы жоба әзірленуде

Биыл Ақтөбе облысында шағын және орта бизнеске келтіретін кедергілерді жою жұмыстары күшейтілетін болады. Осы мақсатта кәсіпкерлік басқармасы "Атамекен" КҰП өңірлік филиалымен және жергілікті бизнес-қауымдастығымен бірлесіп "Бизнеске шектеу жоқ" атты арнайы жоба әзірлеуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев  тиісті тапсырма берді.

"Биыл біз Ақтөбе облысында бизнесті дамытуға кедергі болатын тосқауылдарды жою үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз. Қазір біз "Атамекен" КҰП-пен бірігіп жұмыс жасап, бизнеспен жұмысқа талдау жүргізіп жатырмыз. Барлық уәкілетті бақылаушы және құқық қорғау органдары бизнесті дамытуға кедергі болатын мәселелерді жою үшін мұқият талдау жасауға тиіс. Кәсіпкерлікті дамытудың барлық орталықтары жұмыс істеуі керек", - деді облыс әкімі.

2017 жылғы мағлұматтар бойынша  облыста 63,1 мың немесе 104,1% ШОБ субъектісі тіркелді. Олар жалпы сомасы 492,7 млрд теңгені құрайтын өнім өндірген. ШОБ-те жұмыспен қамтылған халық саны 135,7 мың адамды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8% артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу