"Іскер" арнайы сыйлығының 10 жеңімпазы анықталды

980

"Іскер" арнайы сыйлығының  10 жеңімпазы анықталды

Бүгін Астанада ҚР президентінің "Алтын сапа" сыйлығы, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқау-көрмесі мен "Парыз-2017" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара аясында "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық  палатасы "Іскер" арнайы сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды atameken.kz.

"Атамекен" ҚР кәсіпкерлердің ұлттық палатасы өз саласындағы табысты кәсіпорындарды қолдау мақсатында 2015 жылы "Іскер" арнайы сыйлығын бекіткен. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өз саласында белсенді де сапалы қызмет атқарған 10 компания арнайы сыйлықтың иегері атанды.

Жеңімпаздар қатарында Астана қаласынан "Мырза-Хан" ЖШС бар. 1998 жылдан бастап жұмыс істеп отырған компания зертханалық диагностика саласында қызмет көрсетумен айналысады. Клиника 2014 жылы ISO 15189:2012 халықаралық стандарты бойынша аккредиттеуден өткен. Астана, Алматы халалары мен облыстарда медициналық зертхана желісін құрған. Жабдықталған 17 зертхана кешені мен 170 процедура кабинеті бар.

Ал Алматы қаласынан "Metal Prom Group" ЖШС иеленді.  2014 жылы негізі қаланған компания металл бұйымдарының өндірісімен айналысады. Жылдық айналымы – 1,2 млрд теңге. Шығарылатын өнімде отандық қамту үлесі – 100%.

Маңғыстау облысынан "CASPI BITUM" бірлескен кәсіпорнына табысталды. 2009 жылы құрылған компания битум өндірумен айналысады. Бүгінге дейін 259441 тонна битум шығарылған. Отандық қамту үлесі – 100%, СТ-KZ сертификатымен расталған.

Иегерлер қатарында Оңтүстік Қазақстан облысыың "AZALA Textile" ЖШС бар. 2009 жылы құрылған компанияда 600-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Негізгі бағыты – тоқыма-мата өндірісі. Өндіріс қуатымен жылына 6800 тонна жіп иіріледі, 14000 мың метр әрленген мата, 220 мың төсек-орын жабдығын шығарылады.

Қостанай облысынан "Аруана-2010" ЖШС есімі аталды. Кәсіпорын 2010 жылы құрылған. Жоғары, бірінші және екінші сұрыптағы бидай ұнын шығарумен айналысады. "ҚазАгрЭкс" АҚ сртификаттаудан өткен кәсіпорынның өнімдері еліміздің бірқатар өңірлеріне жеткізіледі. Сондай-ақ Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан елдеріне экспортталады.

Астана қаласынан "Астана – Технадзор" ЖШС-на табыс етілді. 2012 жылы құрылған компания сәулет-құрылыс саласында инжинирингтік қызмет көрсетумен айналысады.

Жеңімпаздар қатарында Жамбыл облысынан "Alensia" ЖШС бар. 2009 жылы құрылған кәсіпорын балаларға сапалы киім тігумен айналысады. Бүгінде Жамбыл облысында және Алматы қаласында дүкендері ашылған. "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауында "Халыққа арналған үздік тауар" атамын иеленген.

"АбдиИбрахимГлобалФарм" ЖШС да "Іскер" сыйлығына лайық деп танылды. Алматы облысында орналасқан кәсіпорын 2000 жылы құрылған. Зауыттан дәрі-дәрмек препараттары шығарылады. Өнім өз елімізде, сондай-ақ Өзбекстан, Әзербайжан, Ауғанстанға жеткізіледі.

Батыс Қазақстаннан "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС жеңімпаздар қатарына енді. 2003 жылы құрылған компания сумен жабдықтауға, газ жүргізу, телекоммуникация байланысына арналған полиэтиленді құбыр шығарады.

Сонымен қатар Ақмола облысынан "Щучинск қазандық-механикалық зауыты" ЖШС  иеленді 1971 жылы құрылған кәсіпорын су қазандықтарын шығаратын тәжірибелі орын.

Биыл "Атамекен" ҚР ҰКП алғаш рет арнайы халықаралық "Кемел Іскерлік" атты сыйлықты тағайындады, оны салтанатты марапаттау асында жеңімпаздарға табыстады. Сыйлықты "Агрофирма TNK" ЖШС алды. Аталым серіктесі – Түркияның "ТИКА" халықаралық қарым-қатынас және даму агенттігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу