Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" республикалық байқауына қатысуға республикадағы 501 кәсіпорыннан өтінім түсті.
Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.
"Парыз" байқауы биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Алматы қаласынан болды - 68. Екінші орында үміткерлер саны жағынан Павлодар облысы – 53, ал 47 өтінім Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан қабылданды.
Байқау аймақтық және республикалық деңгейде өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу