"Сарыағаш" шипажайын сатылымға шығару мерзімі тағы шегерілді

1000

"Сарыағаш" шипажайын сатылымға шығару мерзімі тағы шегерілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Сарыағаш" шипажайын сатылымға шығару  мерзімі тағы  шегерілді. Тендерлік сатылымның уақыты енді ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында өтетін болды. Бұл ақпарат  gosreestr.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Электрондық сауда арқылы сатылатын емдеу-сауықтыру кешенінің сатылу бағасы өзгеріссіз қалды. Яғни, шипажайды жекеге алғысы келген адам ол үшін  3 миллиард 414 миллион 181 мың теңге төлеуге тиіс. Ал, кепілдік жарна 500 миллион теңгені құрайды. Тендерлік шарттың тізімі 12 тармақтан құралған.

Келісімнің шарты бойынша, сатып алушы нысанның нарықтық құнының 50 пайызы көлемінде инвестиция құюы қажет. Бұдан бөлек, шипажайды иеленуші жұмыс орындарын сақтай отырып, тағы 30 орын ашуға тиіс. Қазір шипажай ОҚО қаржы басқармасының теңгерімінде тұр.

Айта кетейік, бұған дейін демалыс орнын аукционға шығару бойынша тендер 2017 жылдың 12 желтоқсанында мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында өтуі керек болған. Кейін бұл мерзім 2018 жылдың 27-наурызына белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу