​Британияның қорғаныс министрі Ресейге айып тақты

1331

​Британияның қорғаныс министрі Ресейге айып тақты

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фэллонның сөзіне сенсек, Кремль Батыстағы тұрақтылықты бұзу үшін мақсатты түрде шабуыл науқанын жүргізіп жатыр екен, деп жазады reactor.inform.kz.

Ол Ресейді АҚШ пен Еуропадағы демократияны шайқалту үшін кибер шабуылдар ұйымдастырып отыр деп айыптады. Шотландияның Сент-Эндрюсский университетінде жасаған мәлімдемесінде RT және Sputnik сынды ресейлік БАҚ-ты жауапкершілікке тарту қажеттігін айтқан.
 
Ол сондай-ақ кибер шабуылдардың 2015 жылдың сәуірінен бері жүйелі жасалып келе жатқанын, Ресейдің ГФР-де қыркүйекте өтетін бундестаг саулауына араласуы мүмкін екенін атап өткен.
 
"Ресей НАТО мен Батысты сынап отыр. Ол өзінің ықпалын нығайтып, тұрақсыздықты арттыруға күш салып жатыр", – дейді Фэллон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу