1 423 адам профилактикалық екпеден бас тартты

856

5 айда 1 411 647 адамға екпе жасалды. 

1 423 адам профилактикалық екпеден бас тартты

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева үкімет отырысында осылай деді. 

Вице-министрдің мәлімдеуінше, 2020 жылдың 5 айында 1 411 647 адамға екпе жасалған. 

"Қазақстан бойынша вакцинациямен қамту егуге жататындар санының 92% құрады. Вакцинациялаумен жеткіліксіз қамту төтенше жағдай кезінде жоспарлы профилактикалық егу жүргізудің тоқтатылуына байланысты болды. Қазіргі уақытта жоспарлы вакцинация қайта басталды, оның ішінде төтенше жағдай кезінде екпе алмаған балалар егіліп жатыр", – деді ол.

Ләззат Ақтаеваның айтуынша, 2020 жылдың I тоқсанында профилактикалық егуден 1 423 адам бас тартқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% көп көрсеткіш. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу