1,7 млн оқушы қазақ тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады

342

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан мектептерінде 4 миллионға жуық оқушы білім алуда.  

1,7 млн оқушы қазақ тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады Фото: www.uralskweek.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Биыл 9-сыныпты 364 мыңнан астам оқушы аяқтап, 10-сыныпта оқуын жалғастыру немесе колледжге түсу жөнінде шешім қабылдайды. Ал 217 мыңнан астам түлек 11-сыныпты бітіреді.

Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы оқу күні 23 мамыр болып белгіленіп, "Білімім – отаныма" атты бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. 11-сынып оқушылары үшін мектеппен қоштасу салтанаты 23 немесе 24 мамырда ұйымдастырылады.

Қорытынды мемлекеттік емтихандар:

  • 9-сыныптар: 29 мамыр – 10 маусым аралығы;

  • 11-сыныптар: 30 мамыр – 16 маусым аралығы.

2023 жылдан бастап еліміздегі барлық мектептерде оқыту тіліне қарамастан қазақ тілі мен әдебиетінен аралық емтихан өткізу енгізілген. Биыл бұл емтиханды 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары 27-31 мамыр аралығында тапсырады. Жалпы саны – 1,7 миллионнан астам оқушы.

Емтихан CREF халықаралық стандартына сай 4 бағытта өтеді: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым. Бұл – оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалап, тілдік дағдыларын дамытуға арналған қадам.

Түлектерге аттестат табыстау салтанаты 18-20 маусым аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу