1,9 млрд теңге мал азығын арзандатуға ғана жұмсалады

1066

Үкімет резервінен Маңғыстау облысындағы жем-шөп бағасын арзандату үшін бөлінген 1,9 млрд теңге жергілікті бюджетке түсті. Әкімдік қаражатты үлестіріп жатыр. 

1,9 млрд теңге мал азығын арзандатуға ғана жұмсалады

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақша жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарына беріледі. Бұл іспен әкімдік айналысады. Бізге жергілікті билік қаражатты тамыз айының соңына дейін таратуға уәде берді", – деді министрдің міндетін атқарушы. 

Оның айтуынша, үкімет резервінен бөлінген 1,9 млрд теңге мал азығын арзандатуға ғана жұмсалады.

"Мал азығын арзандатуға бөлінген ақша негізгі мақсатқа ғана жұмсалады. Жергілікті биліктің бұл ақшаны басқа мақсатқа жұмсау құқығы жоқ", – деді Ербол Қарашөкеев.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу