1 алтын, 3 күміс: қазақстандық оқушылар әлемді мойындатты

323

Олар командалық есепте 10-орынға ие болды.  

1 алтын, 3 күміс: қазақстандық оқушылар әлемді мойындатты Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Ташкентте өткен информатикадан халықаралық олимпиадада жүлде алған қазақстандық оқушылар елордаға оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әуежайында жас чемпиондарды Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.

IOI 2026 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлдегер атанды. Олар 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл – еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте 5-орынға тұрақтады. Мансур Мамадахунов, Асқар Әкежан және Алдияр Сейтбай күміс медаль иеленді.

Қазақстан құрамасына Темірлан Сатылханов пен Айбек Қуанышбай жетекшілік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу