Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың қатарында педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-технологиялық, көркемдік-технологиялық, аграрлық-технологиялық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бар.
Ақпаратқа сәйкес, жаңа үлгілік оқу бағдарламаларында жұмыс беруші талаптары мен өңір ерекшеліктері ескерілмек. Сағат саны мен тақырыптардың мазмұнын 25%-ға дейін өзгерту көзделген.
Енді пәндер колледж студенттері таңдаған мамандыққа бағдарланған практикалық сабақта оқытылады.
“Жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларында білім алушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін бейіндік бағыт ескеріледі. Ол мамандыққа қатысты кәсіби-танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді", - деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.