1 мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

418

Бағдарламаға 300 млрд теңге бөлінеді.

1 мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады Фото: canva.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте жаңа ипотекалық бағдарлама қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл бағдарламаның мақсатын жүзеге асыруға "Отбасы банкпен" бірлесіп, 300 млрд теңге тартылады. Бұл – бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққандар үшін пайыздық мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. 1 мамыр күні бағдарламаның барлық шартын жариялаймыз", - деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Журналистер жаңа ипотекалық бағдарлама жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасының кебін киіп, оған өтінім беру санаулы секундтарда аяқталып қалмай ма деп нақтылады.

Министрдің сөзінше, "Отбасы банк" бұрыннан бері жұмыс істейді әрі оның жұмысты дұрыс үйлестіруге құзыреті жетеді. 

Айта кету керек, осыған дейін сарапшылар жаңа ипотекалық бағдарлама тұрғын үй бағасына қалай әсер ететінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу