1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

803

Қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.

 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды Фото: kazbusiness

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 6 маусымдағы өкімімен "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұйрықпен 20 дана "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары мынадай мөлшерде бекітілді:

·       2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;

·       2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу