1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

731

Медициналық анықтамаларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі.

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады.

"Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы қабылданды. Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады",– деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетсек, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу