10 күнде салынып, бүгін пайдалануға берілуі тиіс елордадағы аурухананың құрылысы әлі аяқталмады

1132

Мұндағы қауырт жұмысты отандық тасымалдаушылар тоқтатып тұрған көрінеді.  

10 күнде салынып, бүгін пайдалануға берілуі тиіс елордадағы аурухананың құрылысы әлі аяқталмады

10 күнде салынып, бүгін пайдалануға берілуі тиіс елордадағы аурухананың құрылысы әлі аяқталмады, деп хабарлайды Atameken Business.  

 BI Group компаниясының PR директоры Юрий Дорохов "карантиндік режим жоспарды бұзып жіберді" деп құтылды. Сөзінде тұрмаған жауаптылар аурухананың 17 сәуірде пайдалануға берілетініне тағы да уәде етті. Есіңізде болса, мемлекеттік комиссия бұрын-соңды болмаған экспресс-жобаны 3 сәуірде қолға алды.

Сөйтіп, коронавирусқа қарсы медициналық мекеменің құрылысы 5 сәуірде басталып, 10 күнде салып бітуі керек-тін. Тіпті, бір уақытта 200 науқасты емдеуге қауқарлы нысанды қысқа мерзімде тұрғызу тапсырмасы мақтаулы BI Group холдингіне тапсырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу