10 мыңнан астам Ұлттық ұлан сарбазы вакцинациядан өтті

1080

Алайда әскерилердің көбі қазақстандық препаратты салдырмақ.  

10 мыңнан астам Ұлттық ұлан сарбазы вакцинациядан өтті

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров сарбаздардың екпе салдыру тақырыбына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда 10 608 адам вакцинаның бірінші компонентін, 606 адам екінші компонентін салдырды. Әлбетте барлығын бір кезеңде вакциналай алмаймыз. Өйткені бұл біздің күнделікті әскери міндеттерімізді орындау ерекшелігіне байланысты. Сондықтан бәрі кесте бойынша және ерікті түрде жүріп жатыр",– деді әскери кеңес хатшысы.

Савердин Имировтың айтуынша көптеген әскери қызметкерлер қазақстандық вакцинаның жасалуын күткен. 

"Біз шілдеге дейін әскерилерді вакциналауды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Көптеген әскери қызметкер қазақстандық вакцинаны күтті. Сондықтан алғашқы кезеңде қалыс қалды", – деді спикер. 

Еске сала кетсек, өткен аптада Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан 50 000 доза көлемінде Қазақстанда өндірілген "QazVac" вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілді. Жалпы алғанда Алматыға 6000 доза (1 және 2 компонент бойынша) жеткізілді. Бұл препарата 3000 адамды вакцинациялауға жеткілікті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу