10 мыңыншы қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды

498

Көкшетау тұрғыны өз көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды деп хабарлайды inbusiness.kz.  

10 мыңыншы қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды Фото: polisia.kz

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.

Айта кетсек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру тәсілдері:

  • eGov.kz үкімет порталы арқылы;
  • екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО арқылы.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу