Бұл туралы Үкімет отырысында сөз болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тексеру жалғасып келеді. Биыл 1 517 нысан тексерілді, 345-інде кемшіліктер анықталды. 112 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Ержан Сәденов.
Сондай-ақ, ол жазғы демалыс аясында білім беру ұйымдарында бірқатар кешенді шара қабылданғанына тоқталды.
Олар:
– құқықтық лекциялар бойынша сабақтар (42 мың);
– "Заң мен Тәртіп" қағидатын түсіндіру жұмыстары;
– "жеке қауіпсіздік" сабақтары ұйымдастырылды.
Бұған дейін Үкімет отырысында мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынғанын жаздық.