Жаза кетейік, бүгін Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 12 қараша күні таңертең елорданың сол жағалауында, Қонаев көшесі, 5 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің маңында болған.
Куәгерлердің сөзінше, чемоданның ішінен ақша бумалары шашылып жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында 100 долларлық купюралар бар. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, аумақты жедел қоршауға алған. Құқық қорғау органдарының әрекетінен кейін тұрғындар арасында түрлі болжам тарады.
Әзірге бірнеше мәселе белгісіз күйінде қалып отыр. Мысалы, чемоданның кімге тиесілі екені, оның бұл жерге қалай келгені және ішіндегі ақшаның нақты сомасы анықталмаған. Сондай-ақ, банкноттардың түпнұсқалығы да расталған жоқ.