Ауғанстанда тәліптер Фарьяб провинциясындағы әскери базаны шабуылдау кезінде 100-ге жуық сарбаз жоғалып кетті, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті биліктің айтуынша, олардың қайда екенін ешкім білмейді. Қазір әскерилерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, өткен аптада "Талибан" қозғалысының қарулы топтары Бальчириг ауданындағы әскери базаға тұтқиылдан шабуыл жасап, басып алған болатын. Аудан бірнеше күн тәліптердің қолында болғандықтан әскерилердің қал-жағдайын білу мүмкін болмады.
Қорғаныс министрлігінің айтуынша, осы қақтығыс кезінде 17 сарбаз қаза тауып, тағы 12 жауынгер жараланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу