"11 адам жан тапсырды": Түркияда туристік автобус жүк көлігімен соқтығысты

Қайғылы оқиға елдің батысындағы Маниса провинциясында тіркелген.

"11 адам жан тапсырды": Түркияда туристік автобус жүк көлігімен соқтығысты Фото: "Анадолы" агенттігі

Автобус Бурса қаласынан Измир бағытына қарай бет алған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақхисар қаласының маңында, автомагистральға кіреберіс тұста болған жол апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақаттанған. Зардап шеккендер жедел түрде ауруханаларға жеткізілді.

Түркияның денсаулық сақтау министрінің соңғы мәліметінше, олардың біреуінің жағдайы ауыр, ал 18 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетуі мүмкін. Десе де, апаттың нақты себебі әзірге ресми түрде анықталған жоқ.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін прокуратура тергеу бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу