12 жасар қызды ұшаққа кіргізбей қойған: Air Astana өтемақы сомасын төмендетуді сұрады

80

Компания рейске жіберілмеген қыздың анасына 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелген болатын. 

12 жасар қызды ұшаққа кіргізбей қойған: Air Astana өтемақы сомасын төмендетуді сұрады Фото: FlyArystan

Air Astana компаниясы апелляциялық соттан "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген қыздың ісі бойынша моральдық өтемақы сомасын төмендетуді сұрап отыр. Бұл туралы отбасының адвокаты Данильхан Шағатаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

"Зере ісі бойынша Air Astana апелляциялық соттан моральдық өтемақы сомасын 5 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін төмендетуді сұрап отыр. Олар бұл соманы жеткілікті және әділ деп есептейді", – деп жазды Данильхан Шағатаев.

Айта кету керек, Air Astana 12 жастағы қызды ұшаққа кіргізбегені үшін 5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелгенін жазғанбыз. Оқиға 20 шілдеде болды. Елордада 12 жасар Зере Астана-Орал рейсіне жіберілмеді, ол әуежайда жалғыз отыруға мәжбүр болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу