122 миллион теңгенің алтыны ұрланды

1635

Криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

122 миллион теңгенің алтыны ұрланды

"Қазақалтын" тау-кен металлургия комбинаты" АҚ-на тиесілі катодты алтынды ұрлау оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық биылғы наурыздың 3-іне қараған түні болған. Бұдан кәсіпорынға 122 миллион теңге залал келген.

"Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", - деді ведомстводан.

Осы ретте, атлымыш қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

"Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды", - деп толықтырды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу