13 жастағы бала дәрігердің қателігінен қайтыс болды

453

Баланың анасы дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағанын айтып, шағымданды. 

13 жастағы бала дәрігердің қателігінен қайтыс болды   Фото: Ratel.kz

Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім белгісіз дерттен көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, 21-22 қаңтар күндері баласының ыстығы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген. Учаскелік дәрігер баланы тексеріп, оған суық тию диагнозын қойған. Анасы дәрігердің нұсқаулығына сай ем жасағанымен, бірнеше күннен кейін баланың аяқ-қолы ісініп, жансыздана бастаған.

Қайта шақырылған дәрігер тағы да суық тиюді емдеуге арналған дәрілер тағайындаған. Алайда, келесі күні баланың тынысы тарылып, жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем келгенімен, жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жекелеген медицина қызметкерлерінің заңбұзушылыққа жол бергені анықталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы сарапшылардың қарауында, ал кінәлілер жауапқа тартылмақ.

Жасөспірімнің нақты неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу