Бүгінгі таңда "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында" осындай 86 операция жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz Жүрек орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталықтың трансплантация бойынша үйлестірушісі Сәуле Шайсұлтанованың мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта күту парағында жүрек трансплантациясына мұқтаж 130 азамат бар, олардың көпшілігі жастар.
"Жүрек трансплантациясы – бұл жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар пациенттерді емдеудегі алтын стандарт. Соңғы жылдары қайтыс болғаннан кейінгі донорлық санының төмендеуі байқалады. Мұның себебі коронавирустық инфекцияның пандемиясы мен біздің қоғамымыздың хабардарлығының нашарлығы. Жалпы органдар трансплантациясының деңгейі елдің дамуының көрсеткіші болып табылады", – деп бөлісті Жүрек Орталығының хирургия жөніндегі директоры Юрий Пя.