14 жасар қыз ақша талап етіп, сауда орталығына жарылғыш зат қойған

269

“City Mall” сауда орталығында бомба жасырылды деген жазба облыстық әкімдіктің электронды поштасына түскен. 

14 жасар қыз ақша талап етіп, сауда орталығына жарылғыш зат қойған Фото: Polisia.kz

Хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен. Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін – 14 жасар қызды анықтады. Алайда одан әрі тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу