143 қазақстандық Грузиядан елге оралды

1237

Тбилисиден Қазақстанға чартерлік рейс ұйымдастырылды.

143 қазақстандық Грузиядан елге оралды

Коронавирус пандемиясына байланысты әлемде орын алған қолайсыз жағдайға байланысты азаматтардың елге жетуінде қиындықтар туындады. Бүгін түнде Тбилисиден Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің 143 азаматтарының ұшу рейсі ұйымдастырылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Кедендік және шекаралық бақылау рәсімі кедергісіз өтті. Жолаушылар рейстің кешігуіне түсіністікпен қарап, чартерлік рейстің ұйымдастырылғаны үшін алғыс білдірді",– деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Мәскеуден (Внуково) 35 жолаушы, оның ішінде транзитпен келген қазақстандық туристер елімізге жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу