"Эйр Астана" компаниясының Анталиядан ұшып шығуы тиіс рейсінің тоқтатылуына байланысты 143 жолаушыны жеткізуге басқа Боинг ұшағы жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық әуекомпаниясының корпоративті коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, КС 216 рейсі Антальядан жергілікті уақытпен 11:30-да шығуы тиіс болған. Әуе компаниясының іс-шараларына байланысты рейс тоқтатылды. Бортта болған 143 жолаушыға ыстық тамақ беріліп, қонақ үйге жайғастырылды. Оларды Қазақстанға жеткізуге басқа ұшақ жіберілді. Қосымша рейс бүгін 12:00-де шығатын болады. Әуе компаниясы жолаушыларға келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Өтемақы алу үшін customer.relations@airastana.com электронды мекенжайына өтініш беруге болады. Бұған дейін "Боинг 757" әуе кемесіндегі техникалық ақауларға байланысты Анталия қаласының әуежайында "Анталия-Астана" рейсі кешіктірілген еді.