"15 қабат, 277 нөмір": "Реал Мадрид" Алматыдағы қонақүйді толықтай жалға алды

29 қыркүйекке қараған түні мыңдаған қазақстандық Алматыға табан тіреген испандық команданың ойыншыларын әуежайдан күтіп алған еді. 

"15 қабат, 277 нөмір": "Реал Мадрид" Алматыдағы қонақүйді толықтай жалға алды Фото: agoda.com

Әлем футболының кілең жұлдыздары жиналған реалдықтар бесжұлдызды InterContinental Almaty қонақүйіне аялдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жанкүйерлер мазалайды дегеннен болар, аталған қонақүй алдағы күндері де өзге тұрғындар үшін жабық болады. Себебі, қонақүйді онлайн сервистер мен ресми телефон арқылы брондау мүмкіндігі жоқ. "Реал Мадрид" ойыншылары, бапкерлер құрамы және персоналы 15 қабатты, 277 нөмірі бар қонақүйді толықтай жалға алған. 

Соңғы айларда InterContinental Almaty көп БАҚ назарына ілігіп жүр. Кеше ғана бұл жерге Backstreet Boys тобы тоқтап, аяқ созған еді. Қонақүйдің танымалдығы Орталық стадионға жақын орналасуы ғана емес, жайлылығы және қауіпсіздігімен байланысты. 

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойын алдындағы баспасөз мәслихатында алдағы ойын туралы пікірін айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу