16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салынбақ

260

Тиісті тыйым ата-аналармен және мұғалімдермен байланыс орнатуға арналған мессенджерлерге қатысты емес.

16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салынбақ Фото: freepik

Құрылтайдың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Құжатты Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев таныстырды.

"Медиакеңістікте жаңа сын-қатерлердің пайда болуы заңнамалық базаны уақтылы жетілдіруді талап етеді. Атап айтқанда, шешімін күткен мәселелердің басым бөлігі онлайн-кеңістікке қатысты. Өйткені бұл ортада деструктивті контент жиі таралып, заңға қайшы әрекеттер жасалады. Осыған байланысты онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге және заңға қайшы контенттің таралуын азайтуға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары әзірленді", – деді министр.

Цифрлық ортада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

"Бүгінде балалардың платформалардағы ақпаратқа, оның ішінде зиянды және деструктивті контентке қол жеткізу іс жүзінде шектелмеген. Осыған байланысты 16 жасқа толмаған балалардың платформаларда тіркелуіне тыйым салу ұсынылады. Платформа иелері мен олардың өкілдіктері пайдаланушылардың жасын тексеру шараларын қабылдауға міндетті болады", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Бұл ретте тыйым тұлғааралық қарым-қатынас жасауға, ата-аналармен және мұғалімдермен байланыс орнатуға арналған мессенджерлерге қолданылмайтыны айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу