16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы әзірленді

76

Бұл норма көпшілік талқылауға шығарылды.

16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы әзірленді Фото: Pixabay.com

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жария талқылауға ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" ҚР 2023 жылғы 10 шілдедегі № 18-VIII ҚРЗ Заңына 10-1 жаңа бапты қосу ұсынылып отыр. 

"10-1-бап. Балалардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғаудың ерекшеліктері. Жедел хабар алмасу сервистерінде тіркелуді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуге тыйым салынады", – делінген жаңа нормада.

Жаңа бап балаларды онлайн-платформаларда таратылатын зиянды мазмұннан қорғау мақсатында енгізілмек. 

Сонымен қатар бұйрық жобасымен 5 мыңнан астам аудиториясы бар онлайн-платформалардың жасырын пайдаланушыларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту көзделген. Құзырлы органның хабарлауынша, тізілімді уәкілетті орган қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізеді.

Құжатты ашық талқылау "Ашық НҚА" порталында 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу