17 мың астаналық оқушыға 40 мың теңгенің көмегі беріледі

709

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі тамыз кеңесіне қатысып жатыр.

17 мың астаналық оқушыға 40 мың теңгенің көмегі беріледі

Мұқтаж оқушыларды оқу жылына дайындау үшін берілетін 40 мың теңге ата-аналарға ақшалай үлестірілмейді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде осындай мәлімет айтты.

"Жыл сайын "Жалпыға міндетті орта білім" бағдарламасы бойынша мұқтаж оқушыларға материалдық көмек көрсетіп келеміз. Былтыр біз осындай аз қамтылған отасындағы әр балаға 30 мың теңге көлемінде көмек көрсеттік. Ол көмекті 12 700 бала алды. Биыл коронакризистің әсері бар, бірқатар мекемелерде жұмыс уақытша тоқтап тұрды. Сол жағдайларды ескере отырып, білім басқармасымен, ата-аналармен кездеу барысында бұл соманы 40 мың теңгеге дейін көтердік. Биыл пандемияға байланысты орта, шағын бизнес тарапынан бюджетке 60 млрд теңге түспей қалды. Соған қарамай, әсіресе, аз қамтылған отбасыларды қолдауды жалғастырып жатырмыз. Бірақ, жалпақ тілмен айтқанда, судың да сұрауы бар. Ата-аналар ақшаны қолымызға бер деп жатыр. Біз де соны қалағанбыз. Заңға сәйкес, олай жасай алмайды екенбіз. Себебі, Үкіметтің қаулысына сәйкес, бұл қаражат нақты мақсатқа, балаларға киім-кешек, мектеп заттарын алуға көзделген. Әрбір тиынның есебін беруіміз керек. Ата-аналар түсінді. "Атамекен" ҰКП-мен бірге жергілікті өндірушілерді қолдау үшін дүкендердің санын көбейттік. Бір балаға 40 мың теңге жақсы қолдау деп есептейміз. Енді осы жұмысты сапалы өткізуіміз керек", – деген әкім биыл бұл көмек қанша оқушыға берілетінін нақтылап айтпады. 

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, Алтай Көлгінов атаған 40 мың теңгенің көмегін биыл 17 мың астаналық оқушыға көрсету жоспарланған екен. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу