Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша бүгінде орташа жалақы – 400 мың теңге. Біз де мониторинг жүргіземіз. Ақпаратымыз бойынша қазіргі кезде 100 мың теңге мөлшерінде жалақы алатын 160 мың жұмыскер бар, ең төменгі жалақы – 85 мың теңгені алатын адамдардың саны 170 мың адам. Осы тұста еңбекақы еңбек шарттарында белгіленетінін айта кету керек. Бұл жұмыскерлердің біліміне, жұмыстың сапасына байланысты. Ең төменгі жалақы – ең төменгі еңбек стандарты. Ол біліктілігі жоқ жұмыскерлерге арналған", - деді Ақмәди Сарбасов журналистердің сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, осыған дейін ел азаматтарының біразы әртүрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.