182 млн теңгенің алтынын ұлтарақ астына жасырған адам ұсталды

275

Сотқа дейінгі тәркілеу қолданылды

182 млн теңгенің алтынын ұлтарақ астына жасырған адам ұсталды Фото: gemini.google.com

Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот жалпы салмағы 2,8 кг, алтын құрамы 99%-дан асатын және құны 182,3 млн теңгені құрайтын 6 алтын құймаға сотқа дейінгі тәркілеуді қолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан азаматшасы құймаларды өз елінде сатып алып, оларды Қытайға ары қарай заңсыз өткізу үшін "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы Қазақстанға кіргізген.

Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру мақсатында ол аяқ киімінің ұлтарағының астына үш алтын құймадан жасырып қойған. "Қорғас" ХШЫО аумағында бақылаудан өту кезінде алтын табылып, тәркіленді. Алтын мемлекет кірісіне айналдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу