19,1 млрд теңгеге 331 өтінім қабылданды – Сапархан Омаров

756

Форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге жұмсалады.

19,1 млрд теңгеге 331 өтінім қабылданды – Сапархан Омаров

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров
агроөнеркәсіп кешенң субъектілерін қолдауға қанша қаржы бөлінгенін баяндады.

"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бюджеттік кредит бөлінді. Қаражат республиканың 2,4 мың ауыл шаруашылығы өндірушісіне беріліп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бөлінді. 26 мамырдағы жағдай бойынша 19,1 млрд теңгеге 331 өтінім қабылданды", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір бидай, арпа, қарақұмық және майлы дақылдарды форвардтық сатып алу жұмысы жүріп жатыр. Бұған 24,5 млрд теңге бөлінген.  Осы уақытқа дейін 21,5 млрд теңгенің өтінімі қабылданған. 

"Фермерлердің өтімді кепілінің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін екінші деңгейлі банктер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігі қабылданады. Көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде және сапалы жүргізу үшін қолда бар барлық ресурстар мен құралдар пайдаланылып жатыр", – деді ол.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу