19 мың кәсіпкер қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі

1451

Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС төлеуші ретінде субъектіні есепке тіркеу шегін 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендетуді қарастыратын заң жобасын ұсынды. 

19 мың кәсіпкер қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі

"Атамекен" кәсіпкерлер үшін қосылған құн салығының шекті мөлшерін төмендетуге қарсылық білдірді. Бұл туралы Ұлттық палата "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына жеке сараптама жүргізгеннен соң бірден мәлімдеді.

 Еске салсақ, Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС төлеуші ретінде субъектіні есепке тіркеу шегін 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендетуді қарастыратын заң жобасын ұсынды. Заң жобасына сәйкес қосымша құн салығы бойынша есепке қолданыстағы нормаларға сәйкес жылдық айналымы 79,5 млн теңге емес, енді жылдық табысы 53 млн теңгеден асатын салық төлеушілер тұруы керек болады.

"Атамекен" сарапшыларының пікірінше, заңнамадағы түзету ҚҚС бойынша тіркеуге енді оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер тұруға міндеттеледі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жылдық табысы 50 млн теңгеден асатын жеке кәсіпкерліктер саны 12 мың  бірлік, ал заңды тұлғалар саны шамамен 7 мың бірлікті құраған.

Нәтижесінде бұл норма шағын бизнеске түсетін ауыртпалықтың жоғарылауына әкеледі: кәсіпкерлерге салықтық есептілікті жүргізуге бухгалтерді штатқа алуға тура келеді, контрагенттермен жұмыс істеу құрылымын қайта қарау қажеттілігі орын алады, ал бұл өз алдына бөлшектену тәуекелін жоғарылатып, бизнестің "көлеңкеге" кетуіне жол ашады.

"Бір сөзбен айтқанда, бұл түзету кәсіпкерлікке қарсы. Кәсіпкерлерге өсуге жағдай жасаудың орнына қызметіне кедергі келтіреді. Дамуға еш негіз жоқ, өйткені шағын кәсіпорын әлі аяққа тұрмай жатып 12%-дық салық төлеуге мәжбүр болады. Қосылған құн салығы әкімшіліктендіруге күрделі салық: егер мен бұрын есепті жарты жылда бір өткізіп, табыс салығын төлеген болсам, қазір ҚҚС-пен олай істей алмайсың. Мұнда бухгалтердің жіті есептеуі қажет, қате кетсе салдары қиын. Бизнес өз жұмысын оңайлатуға тырысады. Егер компанияның табыстылығы 8% болса, онда ол табысын бөлшектеп, тағы компания ашады. Кәсіпкерлер бизнесін бөлшектейтін болады", – деп санайды Қазақстан салық кеңесшілері қауымдастығының басшысы Сәкен Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу