Заңға қайшы әрекет еткен адам Алматыда үйінде есірткі сатқан, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. Бұл туралы Нұрділдә Ораз: "Алматы қаласының Алатау ауданында гашиш сатқан ер адам ұсталды. Күдікті есірткіні үйінде саудалаған. Полиция қызметкерлері оның тұрып жатқан жерін тінту барысында 190 грамм гашиш тәркіледі", – деді.
Ресми өкілдің сөзінше, күдікті есірткі сатып жатқан кезде қолға түскен.
"Ол ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді затты қағазға орап сатпақ болған. Полиция қызметкерлері күдіктінің есірткіні қайдан алғанын анықтап жатыр. 43 жастағы күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол уақытқа оқшаулағышқа қамалды", – деді Нұрділдә Ораз.
Қанат Махамбет