2 161 адам медициналық бақылауға алынды – Сархат Бейсенова

892

Жұмыс істейтін адамдар коронавирус инфекциясын жиі жұқтырады. 

2 161 адам медициналық бақылауға алынды – Сархат Бейсенова

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова осылай мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Ауыратындардың 24,8%-ын - 30-39 жастағы адамдар құрайды. 50 жастан асқан адамдар - 23,5% болса, балалардың сырқаттану үлесі - 14,9%-ға тең. 
Жұмыс істейтін адамдар коронавирус инфекциясын жиі жұқтырады. Олардың арасында сырқаттану көрсеткіші - 48%", – деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Оның сөзінше, бұған еңбек ұжымында эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмайтыны бірден бір себеп. 

"Қазіргі уақытта тіркелген 857 үй ошағы бар. Науқастармен қарым- қатынаста болған 2 161 адам медициналық бақылауға алынды", – деді Сархат Бейсенова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу